Салауаттылық жолындағы қозғалыс

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова  салауатты өмір салтына арналған  дөңгелек үстел  отырысына қатысты.

Бұл қозғалыс  елімізде  2013 жылдан бастап  спорт түрі ретінде танылып,  2014 жылы  бірінші әлем чемпионаты өткен болатын.  Біздің  өңірімізде  спорттың бұл түрі үш  жылдан бері дамып келеді.
Осы жайында «Workout» қозғалысының басшысы Дәурен Жұмажанов  кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, қозғалыстың мақсаты –  салауатты өмір салтын насихаттау.
– Қоғамдық орындарда  ішімдік ішіп,  темекі тарту бүгінде қалыпты жағдай болып саналады. Ал, көшеде спортпен айналысып жүрген  адамға   таңданыспен қарайтындар бар. Осы орайда, біз спортпен айналысудың маңыздылығын іс-әрекеттерімізбен дәлелдегіміз келеді, – дейді  Дәурен Жұмажанов.  Сондай-ақ, «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев  спортпен айналысатын жастардың өте белсенді болатынын айта келе, Шымкент қаласында өткен  алғашқы республикалық «Workout» ойындарында  жақсы нәтижелерге қол жеткізгендіктері жөнінде әңгімеледі.
Айта кетерлігі, спортшылар қазіргі таңда «Ақ жол» демократиялық партиясы алып   берген залда жаттығу  жұмыстарын жүргізеді. Мәжіліс депутаты  Меруерт Қазбекова  жастардың білімді, мәдениетті және жан-жақты болып қалыптасуының маңыздылығын айтып,  салауатты  өмір салтын ұстанатын  «Workout»   қозғалысының  белсенділеріне сәттілік тіледі.

Назгүл Рабиова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар