«Сандық дәуір» мүмкіндіктері – уақытты үнемдеу кепілі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 10 қаңтарында жариялаған кезекті стратегиялық Жолдауында цифрлы технологияларды қолдану арқылы жаңа индустрияландыруды құруға баса назар аударды. Соның ішінде әсіресе, «Цифрлы дәуірдің» өнеркәсіптің бой көтеруіне арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жаңа бағдарламаның қойған міндеттерінің бірі «Мемлекет – бизнеске» болып табылады. Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын цифрландыру кәсіпкерлердің транзакциялық шығындарын төмендетуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған. Аталған іс-шаралар кәсіпкерлерді «жапсарсыз» қызметтермен қамтамасыз етуге және бизнеске арналған «бірыңғай терезе» – халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру тәжірибесіне ұқсас қағидатын іске асыру инфрақұрылымын құруға бағытталады. Аталған бастама шағын, орта бизнесті қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының ашықтығын және оңайлатуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ, заңды тұлғаларға басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейді.
Бұл шаралар Қазақстанның халықаралық «Doing Business» рейтингіндегі позициясын арттыруға себеп болады, қазіргі уақытта Қазақстан кәсіпорындар мен меншікті тіркеу көрсеткіші бойынша 36 орында тұр.
2018 жылдың қаңтарынан бастап электронды үкіметтің www.egov.kz порталында жаңа композиттік қызмет пайда болды. Қызметтің атауы – «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыру. Ал, енді біріккен жаңа композиттік қызметтің арқасында азаматтарға өтініш берген уақытты есептемегенде, екі күннің ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктегі есеп шоттың нөмірін, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты ала алады». Аталған қызметті алу тәртібі электронды үкімет порталында көрсетілген.
Қазақстан Республикасында электронды түрде мемлекеттік қызмет алу мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 2010 жылдың мамыр айынан бастап аумақтық әділет органдары жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы ақпаратты ұсыну «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, сонымен қатар, www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталының көмегімен тек қана электронды түрде жүзеге асырылады.
Электронды үкімет порталында жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарды тіркеу және оның техникалық сипаттамалары, жылжымайтын мүліктің тіркелген және тоқтатылған құқықтары, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қосқанда тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмесін беру, жылжымайтын мүліктің, яғни, меншік иесі туралы мәліметтерден тұратын техникалық паспортқа қосымшаны беру туралы анықтамаларды алу мүмкіндігі жүзеге асырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған жағдайда азаматтар аталған қызметті 20 минут ішінде ала алады.
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылжымайтын мүлікке мәмілелерді жасау үшін нотариусқа жүгінген кезде электронды түрде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мүмкіндігі жүзеге асырылуда. Қызметті жүзеге асыру азаматтарға құқықты белгілейтін құжаттарды (сату-сатып алу шарты, сыйлау және т.б.) нотариус тікелей ресімдеген кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мүмкіндігін береді. Нотариус қажет мәліметтерді тексереді, «Е-нотариат» жүйесінде тіркеп, шарт жасайды және әрі қарай құқықтарды тіркеу үшін электронды цифрлы қолтаңбасы арқылы куәландырылған құқықты белгілейтін құжаттардың электронды көшірмесін құқық кадастрының ақпараттық жүйесіне жолдайды.
Пайдаланушы шарттың қағаз нұсқасын, сонымен қатар, шарттың бірегей нөмірі және жылжымайтын мүліктің мекен-жайы көрсетілген хатты электронды поштамен алады. Бұл деректермен өтініш беруші немесе уәкілетті өкіл «электронды үкімет» төлем шлюзі немесе басқа қарастырылған тәсіл арқылы мемлекеттік тіркеу үшін алымдарды төлейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдарды төлеу немесе мәміле қатысушыларын электронды поштаға алымдарды төлеуден босатылу туралы растау құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне түскеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, «Е-нотариат» жүйесіне жүргізілген тіркеу немесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама түседі.
Қабылданған шаралар жылжымайтын мүлік ресімдерін жеңілдетуге, артық әкімшілік тосқауылдарды алып тастауға және азаматтар мен бизнеске қолайлы орта жасауға бағытталған.
Ақмола облысының әділет департаменті 2017 жылы электронды форматта 185 779 анықтама берді және 19 496 жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу жүргізді, сонымен қатар, 700-ден астам заңды тұлғаны тіркеді.

Гүлмира ӘКІМОВА,
Ақмола облысының әділет департаменті басшысының орынбасары, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы филиалының мүшесі

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *