Сапалы білім беруге ынталы

Жуырда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Оқу бағдарламаларын жаңарту мен дамыту арқылы Орталық Азиядағы жоғары білімді қолжетімді ету жəне үйлестіру» жобасының  алғашқы ұлттық жиналысы өтті.

Оған жергілікті биліктің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері, жұмыс берушілер, университет ректоры, проректорлары және оқытушылары, магистранттар, инженерлік-экологиялық факультеттің студенттері, Академика жобасының жұмыс тобы қатысып, жобамен танысты, өзара пікір алмасты. Академика – Эрасмус Плюс бағдарламасы аясындағы еуропалық комиссия қаржыландыратын үш жылдық жоба. Ол «Жоғары білімдегі əлеуетті арттыру-2015» жобасының орталықтандырылған жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Жоба консор-циумы Болгария, Австрия, Италия, Испания, Қазақстан, Түркіменстан мен Өзбекстан атты жеті еуропалық жəне азиялық мемлекеттен 17 ұйымды, яғни, оқу орындарын, білім министрліктерін, қоғамдастықтарды біріктіреді.
Жиналыста университеттің ректоры Мәди Елубаев, оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ирина Субботина, экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі Людмила Макеева, ақпараттық жүйелер және информатика магистрі Сейілхан Жартановтар баяндама жасады.
Академика жобасының мақсаты –  әсіресе, техникалық ғылымдар бойынша ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларға негізделген заманауи əдістер мен мазмұнды біріктіретін жаңаша оқу бағдарламаларын жасау, инновациялық тəжірибемен бөлісу, бірлескен ғылыми жұмыс жасау жəне білім беру мақсатында университеттер мен кəсіпорындар арасында ұлтаралық ынтымақтастық жүйесін орнату.
Қазір электрондық ғасыр. Еліміздің болашағы – жастардың қолында деп тектен-текке айтылып жүрген жоқ. Сондықтан, студенттеріміз әрі қарай өздерін дамытып, еуропалық стандарттарға сай білім алса, ол да жөн шығар.

Салтанат Досетова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар