Сегіз ақмолалық жүздікке енді

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмолалықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында» атты брифинг болып өтті.

Сонымен қатар, жүзден жүйрік шыққан Татьяна Дементьева өзі секілді осы үздіктер атынан сөз сөйледі.
Марал Жақыпова Наталья Дементьевадан басқа жеті жерлесіміз белгілі бір себептермен брифингке қатыса алмағанын, десек те, еліміздің басты арналарының бірі Qazaqstan ұлттық арнасы арнайы Елбасымыздың тапсырмасымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарына жекелей тоқталатын деректі фильмді түсіруді бастап кеткендігін жеткізді. Сонымен қатар, жобаның алғаш жарияланған сәтінен бастап, аяқталғанға дейінгі аралықта біздің облысымыздан үміткерлерге жанкүйер болғандардың көп болғандығын атап өтті. Алғашында жобаның жүргізілуіне жауапты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қарауына 179 кандидаттың анкетасы өткізілгенімен, оның 109-ы ғана тиісті талаптарға сәйкес болып, республикалық деңгейге жіберілгенімен, «100 есім ел.кз» сайтындағы жалпыхалықтық дауыс беруге 20 ақмолалық ұсынылған.
Ал, Наталья Дементьева өз кезегінде Тұңғыш Президент күні өткен Елбасы қабылдауынан бұрында Президентімізбен жүздескенін айтты.
– Мен осымен Нұрсұлтан Әбішұлымен төртінші рет жүздесіп отырмын. Бұрын Ассамблея, «Нұр Отан» партиясының атынан Елбасымыздың алдында сөз сөйлеген болатынмын. Бірақ, жүздесудің нешінші екені маңызды емес, ол кісіден есетін іскерлік, көрегендік лебі әрдайым алғашқы жүздесудегідей болып қала береді. Менің көзім осыған толық жетті. Жалғыз мен ғана емес, сол жерде отырған жастардың барлығы өздерін ересек, өмірден орнын тапқан тұлға ретінде сезінді. Әрине, оған әсер еткен Елбасымыздың жағымды энергиясы деп білемін. Осыған дейін өз елім, туған жеріме қаншалықты қызмет атқарсам, бұдан былай да сол қарқыннан артық болмаса, кем жұмыс жасамаймын деп өз алдыма биік мақсаттар қоюдамын, – деді
Наталья ханым.
Олай болса, мақсаты айқын, алар асуы аласармайтын, өзіне деген талабы өр тұлғаларымызға таудай талап серік бола бергей дейміз.
Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *