Сенат депутаттығына кандидат ұсынылды

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясы болып өтті.

Сессия отырысында Мемлекет басшысы-ның Жарлығымен биылғы жылдың 28 маусымында Парламент Сенаты депутаттарын сайлау өткізілетіндігіне байланысты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының депутаттық фракциясы өз үміткерін ұсынды. Осы орайда, сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалым Бекмағамбетов Сенат депутаттығына кандидат ретінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Зекенұлы Әділбековтың есімін атады. Депутат Серік Аяғанов бұл кандидатураны қолдап, Сенат депутаттығына лайықты тұлға екендігін атап өтті. Әріптестерінің пікірлеріне депутат Геннадий Осиненко да қолдау білдірді. Осылайша облыстық мәслихаттың депутаттары Сенат депутаттығына Дәурен Әділбековтың кандидатурасын ұсыну жөнінде бірауыздан дауыс берді.
Сессияда облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Жанбай Омаровтың басқа қызметке ауысуына байланысты оның орнына ішкі істер департаменті басшылығымен келісіле отырып, полиция подполковнигі Серік Баймұқановтың кандидатурасы ұсынылып, қолдау тапты. Сондай-ақ, сессия отырысында «Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру жөнінде шешім қабылданды.
Сессия соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Әділбеков мәслихат депутаттарына өзіне жоғары сенім көрсетіп, Сенат депутаттығына үміткерлікке ұсынғандары үшін алғысын білдірді.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар