Үш айдың ішінде жөнделді

«Солнышко» балабақшасы 1983 жылы пайдалануға берiлген. Ол күрделi жөндеуден өткізілген соң жаңа жыл қарсаңында есігін қайтадан айқара ашты.

Мекеме 115 орынға шақталған екi қабатты ғимаратта орналасқан. Өткен 2016 жылы бюджеттен 42 миллион теңге бөлініп, күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Қыркүйек айында басталған жөндеу жұмыстары жоспарланған үш ай iшiнде аяқталды. Құрылысшылар ғимараттың шатырын жаңартып, пластик терезелер мен жаңа есiктер орнатты. Сондай-ақ, ғимараттың қабырғалары қапталды. Барлық электр қуаты өтетін тетіктер толығымен жаңартылды.
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкiмi Азамат Тайжанов қатысып,   «Еңбек Аршалы» кәсіпорны  филиалының басшылығы мен құрылысшыларға алғысын бiлдiрдi. Ауыл кәсiпкерлерi Төлеген Елеуов пен
Дмитрий Сухарев, бас мердiгер, құрылыс кәсiпорнының басшысы Бақыткерей Жаманшалов демеушiлiк жасап, балабақшаға жаңа кiлемдер сыйлады. Салтанатты шара бүлдiршiндердiң концертіне ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар