Шөп жеткілікті

Аудан бойынша 40,5 мың тонна, яғни, бір жылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 32 мың тонна шөп дайындалып маяланды.

Бұл – қолда бар мал үшін қажетті бір  жылдық жемшөп қорының 79 пайызы. Әзірге жоспарланған жемшөп қорының жартысынан астамын дайындап үлгерген «СХП Октябрьский», «Петровский» және «Новокубанский» серіктестіктерінің пішеншілері көш басында келеді.
– Шаруа қожалықтары 2750 тонна, шағын кәсіпорындар мың тонна межесінде шөп дайындады. Малдың 80 пайызы тұрғындардың қолында. Кейбір шаруашылықтардың өткен жылдан қалған шөбі бар. Владимир Абермит басқаратын «Нива» серіктестігі жоспарланған мың тонна шөпті алғашқылардың бірі болып жинап алды. Серіктестік егіншілікпен бірге сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылықта 800 бас ірі қара бағылады. Биылғы жылы «Бектау» серіктестігі жүз бас ірі қара сатып алды. Бүгінгі таңда ауданның он екі ірі шаруашылығы мал азығын дайындауға қызу кіріскен, – деді бөлім басшысы Дулат Сыздықов бізбен әңгімесінде.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар