Үш топқа бөлініп…

Аудан орталығындағы  №2 орта  мектепте  жас  бишілер байқауы болып өтті.

Оған биге икемі бар, өнерлі оқушылар қатысты. 19 командадан тұратын жас бишілер   ересектер, орташа және кіші топ  болып  жас мөлшерлеріне қарай бөлініп, өнер бәсекесіне түсті. Түрлі ұлт өкілдерінің  ұлттық билерімен  қатар, қазіргі заманғы билерді де шебер орындап,  көпшіліктің қошеметіне бөленді.   
Байқау қорытындысы бойынша ересектер тобынан  Ешім орта мектебінің «Жадо», Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің «Шаттық», Запорожье орта мектебінің  «Инсар»  тобының бишілері  жүзден жүйрік шығып, жеңіс тұғырынан көрінді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар