Шағын және орта кәсіпкерлік дамиды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы  Абылай Мырзахметов теңгені таргеттеуге байланысты өз ойларын ортаға салды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда теңге бағамының өзгеруі азық-түлік тауарларына әсер етпейді. Тек шеттен әкелінген заттар ғана сәл қымбаттауы мүмкін. Бұл отандық тауар өндірушілердің өнімдерін тұтынуға түрткі болып, екі жаққа да  тиімді жағдай жасамақ.  
Қазіргі уақытта елімізде импорттың үлесі елу пайызды құрайды. Осы ретте,  тауарды өзге мемлекеттерден жеткізбей, оны өз өнімімізбен алмастыру қажет. Нәтижесінде шағын және орта бизнестің дамитыны сөзсіз. Оған қоса, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жақсы серпін болмақ. Мұны кезең-кезеңге бөліп, екі жыл ішінде орындап шығуға мүмкіндік бар. Бұл Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе әзірлеген бағдарламада көрініс табады.
Ендеше, жергілікті кәсіпкерлер тауар құнын өсірмей, бағаны бірқалыпты ұстап отыруы тиіс.  Басқарма төрағасы өз сөзінде тұтынушыларды орын алып жатқан оқиғалардың жетегінде кетпеуге шақырды. Уақыт өте келе жағдай орнығып, мемлекет тарапынан әлеуметтік келісім-шарт жасалады деп күтілуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар