Шахмат, дойбыға құштар

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқар-масы  еңбек ардагерлері арасында шахмат пен дойбыдан облыстық турнир өткізді.

Жарысқа Бурабай, Бұланды, Аршалы, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласынан 16  еңбек ардагері қатысты.  Аса тартысты өткен жарыста спорт шеберлігіне үміткер көкшетаулық  А.Сақаев жеңімпаз атанды. Ал, қалған екі орынды А.Антонов (Бурабай ауданы) және Т.Мұқышев (Көкшетау қаласы) иеленді.

Дойбы турнирінде 9 спортшы бағын сынады. Мұндағы сайыстар текетірес жағдайында өтті. Сөйтіп, бас жүлде Көкшетау қаласының  өкілі  И.Поликевичке бұйырса, екінші, үшінші орынды В.Тонких пен А.Жұрын өзара бөлісті. Сондай-ақ, әйелдер арасында Г.Кузьминична мен В.Шакирова жүлдегер деп танылды. Турнирдің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар  табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар