Шарапаты мол шара

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген бала өмірінің сапасын арттыру бойынша жаңа әлеуметтік саясатты  жүзеге асыру мақсатында  «Мектепке жол» акциясы аясында облыс орталығындағы № 16  орта мектептің бірқатар оқушыларына көмек көрсетілді.

Шара аясында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылының қарсаңында қолдау көрсетілді. Мектеп ұстаздары оқушыларды оқу құралдарымен қамту мақсатында арнайы тізім жасап,  жомарт азаматтар білім беру ордасының табалдырығын алғаш аттайтын Әнел Ережепова, Жазира Тұяқова, Татьяна Трайбер және Тимур Мирамқұловтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Күндізгі және кешкі уақыттарда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында кезекшіліктер ұйымдастырылды. Нәтижесінде мектепке келмей жүрген балалар жоқ екендігі анықталды. Бұл оқушылардың мұң-мұқтажын білуге үлкен сеп болған еді.
Осындай қайырымдылық шарасының арқасында бірсыдырғы оқушылар мектепке баруға сақадай сай. Ендеше,  жүрегі – мәрт, жаны – жомарт азаматтардың қатары сейілмей, болашақтың іргесін бірге қалайық демекпін.

Әсел АСҚАРОВА,
№ 16 орта мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар