Шежіре-сурет

Жауынгер ойға шомылған,
Бастайды қайда көңілі?!.
Түсе ме еске тағы да,
Майданда өткен өмірі.

Түспеуі мүмкін емес-ау,
Жабыңқы тартса қабағы.
Ісіңе мен де адалмын,
Дейтіндей немере жанары.

Кішкентай болып қара өзін,
Үстінде солдат киімі.
Тас-түйін мына түріне,
Талайлар бәлкім, сүйінді.

Әлден-ақ сезіп тұрғандай,
Ызғарын сол бір өткеннің.
Атасыменен қарсы алып,
Жеңістің ұлы көктемін!..

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Қошағалиев жуырда 93 жасқа толғанын атап өтті. 1942 жылы ол Көкшетау әскери комиссариатынан өз еркімен қан майданға аттанды. Фурманов көшесіндегі №72 ескі үйде  көз жасын төгіп анасы қалды. Қандай жағдай болса да, құлынының аман келетініне ана жүрегі үмітін үзбеген еді. Барлық аналар солай ғой. Ақыры сол үміт ақталып,  Қайырлы аға сұм соғыстан аман келді. Омыра-
уында жарқыраған «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін»  медальдары әлі күнге дейін қарт майдангердің сол қанды қасапта ел мен ер  намысын жоғары ұстағанын айғақтай түседі.
Суретте: Ұлы Жеңіс солдаты Қайырлы Қошағалиев немересімен бірге.    

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар