«Шоқан аруы» – ұлттық тәрбие

 

«Көкшетау» мәдениет сарайында «Шоқан аруы-2017» сұлулық байқауы өтті. Онда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері бақтарын сынады.

Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерлі өрендерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында аталмыш оқу орнында білім алып жатқан студент қыздардың арасында өнері мен қабілеті келіскен нағыз арулардың көп екені аңғарылды. Байқауға барлығы 12 бойжеткен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Аманай Сейітқасымов шараға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа қатысқан арулардың шығармашылық қыры, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті, өнері, бәрі әділ қазылардың назарынан тыс қалмады.

Сайыс соңында тиісті номинациалар бойынша жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі өтті. Сөйтіп, байқауға қатысқан аруларға университет басшылығы мен кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар