Шығарған өнімі сапалы, бағасы да тиімді

Ауданда шағын және орта бизнес саласында кейінгі уақытта негізінен сауда-саттыққа ден қоя бермей, тұрғындар арасында сұранысқа ие тауарлар шығарумен айналысушылар қатары көбейе бастағандығы қуантады.

Бұл біріншіден, тұрғындардың нарықтық қатынастардың тек алып-сатумен шектелмей, нақты өнім шығаруды қолға алу қажеттігін түсіне бастағандығын байқатады. Сондай-ақ, аудан басшыларының да бюджеттің бүйірін толтыру, қосымша жұмыс орындарын ашу үшін кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек қолын созып отырғандығын көрсетсе керек. Қалай болған күнде де ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарта түсу үшін шағын бизнеске кең жол ашу керектігі дау тудырмайды. Сондықтан да, шағын кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау қажет.
2010  жылы  жеке кәсіпкер Абай Ахметов жиһаз жасау цехын ашқанда «өнімді өткізу қалай болады екен» деген күдіктің болғандығы рас. Әрине, қандай да болмасын істі бастау үшін, оның ішінде бизнеспен айналысуда алдымен бизнес-жоспар жасап, нарықты зерттеп, тұрғындардың сатып алушылық мүмкіндіктерін пайымдап кәсіпкерге қажетті дайындық жұмыстары жүргізілген. Дегенмен, «білмеген жердің ой-шұңқыры көп болатындығы» да белгілі ғой.
Бүгінде оның бәрі артта қалды. Бір назар аударарлығы, аудан әкімдігі жеке кәсіпкерге бұрын  дүкен болып, кейіннен қараусыз қалған 299 шаршы метрлік ғимаратты кәсіпкерлікке жаңа ден қойған азаматқа берген екен. Бұл да кәсіпкерлікпен айналысуға бет бұрған азаматқа деген қолдау болса керек.
Міне, алғашқыда 10 миллион теңге несие алып ісін бастаған кәсіпкер бүгінде аудан тұрғындары арасында сұранысқа ие түрлі жиһаздар шығарумен айналысып келеді. Әзірге үш адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер сұраныс көбейе түссе, жұмыс ауқымын да кеңейтуді жоспарлап отыр екен. Сондай-ақ, тұтынушының  тілегі бойынша оның талап-тілектерін, жиһаздың үлкендігі мен формасын, түр-түсін ескере отырып, қымбат материалдардан арнайы жиһаздар да жасай алады. Қысқаша айтқанда, тұтынушы талабы кәсіпкер үшін бұлжымас заң. Бұл да бизнестің негізгі шарттарының бірі екендігі ақиқат.
  Шағын кәсіпорында әзірге жұмысшылардың орташа жалақысы 45 мың теңге деңгейінде. Бұл әрине, онша жоғары жалақы емес. Алайда, сұраныс арта түссе жұмыс та көбейеді, яғни, еңбекақы да өседі. Ең бастысы, аудан тұрғындары қажетті жиһаз алу үшін сырт жаққа бармайды. Кез-келген кәсіпорынның жұмысы алға басуы үшін ең алдымен,  шығаратын тауарыңның сапасы жоғары, бағасы тиімді болуы керек екендігі белгілі. Мұнда бұл мәселелердің бәрі де ескерілген. Яғни, жұмыстың жандана түсеріне күмән жоқ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар