Әскерилердің мерейі өскен күн

Қарулы Күштердің құрылғанына 25 жыл және Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 72 жыл толуына орай, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Қарулы Күштер мен Ауған соғысы ардагерлері, әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді.

Әсерлі кеште «Достар» мәдениет үйі әншілерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Салтанат үстінде «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының және «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағалары Мұса Елеусізов пен Дуанбай Ыбырай өздерінің жүрекжарды игі тілектерін білдіріп, жиналғандарға әскери қызмет, Отан алдындағы қасиетті борыш пен жауапкершілік туралы өздерінің ағалық ақыл-кеңестерін айтты.  
Департамент бастығы, полковник Жанат Ережепов өзінің құттықтау сөзінен кейін Щучинск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Александр Кардашқа «Ардагер» медалін тапсырды.  Бұл медаль біздің облыста тұңғыш рет беріліп отыр. Сонымен бірге, «Мінсіз қызметі үшін» медалі департаменттің Көкшетау қалалық және Астрахан аудандық бөлімдері бастықтарының орынбасарлары, майор Еркен Құдайбергенов пен аға лейтенант Досымхан Сарбасовқа табыс етілді. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге белсенді араласып жүрген интернационалист-жауынгер Нұрбек Әбілқасымов та мекеме бастығының арнайы грамотасымен марапатталды.
Ал, департамент бастығының орынбасары, полковник Еркеш Бекбаев «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Дуанбай Ыбырайдың қолынан «Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов» медалін алды.

Айнұр УӘЛИЕВА,
облыстық қорғаныс істері  
жөніндегі департаменттің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар