Славян әліпбиіне арналды

Достық үйінде славян жазбалары мен мәдениеті күні кең көлемде аталып өтілді.

Алдымен, славян халықтары сөз өнерінің тарихы туралы  сахналандырылған көрініс қойылып, артынша сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Мәрзият Тохаева  славян әліпбиінің күні бүгінге дейін әлемнің көптеген мемлекеттерінде  қолданылып келе жатқандығын тілге тиек етті. Өңірде 592 мектептің басым көпшілігінде балалар ресми тілде білім алуда.  
Бізде орыс тілінің мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылып жатқандығын Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігінің төрағасы Виктор Нефедов та атап өтті.  Ол 18 мамыр – түркі жазбалары мен мәдениеті күні мен 24 мамыр – славян жазбалары күнінің  қатар тойлануының ерекше символикалық мәнге ие екендігіне тоқталды. Ұдайы бір-бірін толықтырып отыратын қос тілдің бірлігі бұдан әрі де тек бекемдей беретін болады.
Ал, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов  қазақ үшін төте жазу, латын мен кириллицаның да орны айрықша екендігін айта келе, елімізде ұлтаралық қатынас тілі рөліндегі ресми тілдің  еркін қолданыста бола берерін жеткізді.  Шара барысында  славян тілдерінің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан біртоп ақмолалықтарға Алғыс хаттар табыс етілді. «Услада», «Русская песня», «Сувенир», «Сударушка», «Поляне» ансамбльдері халықтық ән-биден шашу шашып,  кештің шырайын келтірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар