Соғыстан соң Ақмолада кездескен

Қос әкем, майдангер бауырлар Рахымбек пен  
Жұмажан  Шакиндердің рухтарына ескерткіш

Смағұл  Рахымбек 

 

Жеңіс  күні!
Аналардың  көз  жасына  жуынған,
Қанша  боздақ майдандарда  қырылған.
Ауылымнан жорық асқан мыңдардан,
Жүзі ғана аман-есен  оралған.

Екі  әкем  де толарсақтан  қан кешкен,
Соғыстан соң Ақмолада кездескен.
Бес  жыл бойы жүздеспеген  бауырлар,
Туған  жерде сағынысып көріскен.

Жеңіс күнін  жылап  тойлап екеуі,
– Мың  өмірдің сөнген осы  өтеуі, –
Деп отырар, қарап батқан  күнге  де,
Таңғы  шығы  жарқыраған гүлдерге.

Жеңіс күні, жақынсың  сен  жүрекке,
Бозала таң бұлтсыз атқан тілекке.
Отанымда тұрсын  бейбіт замана,
Күлкі сыйлап үлкенге де, балаға.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар