Спортшы болып, елге танылу спорттық разрядтан басталады

Күйзелістерге, қаржылық қиындықтарға, уақыт тапшылығына, жағымсыз экологияға толы аласапыран өмірімізде тәніміз сау, көңіліміз көтеріңкі, сергек болып жүру – бәріміздің арманымыз. Мұның бәрі салауатты өмір салты, дене тәрбиесі  арқылы келетіні дау туғызбас шындық.

Дене шынықтыру және спортпен күн сайын шұғылдану қажет, өйткені, бұл жалпы ағзаны нығайтады, соның арқасында бұлшық ет пен тәннің тірек-қимыл ағзалары шынығып, жүрек-тамыр және иммундық жүйе нығаяды. Спортпен шұғылданатын адамдар жұмысқа деген жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Дене шынықтырумен жиі айналысу өмір сүру мен денсаулық сапасын арттыруға қолайлы ықпал етеді.
Спорттың қай түрінен болмасын спорт разрядының болуы  бұл спортшының біліктілігі мен ептілігінің көрсеткіші болып табылады. Сол себепті, спортпен шындап немесе денсаулығын нығайту үшін шұғылданатындардың көбі осы көрсеткішке ие болғысы келеді. Спорт разрядын қалай алуға болады?
Спорт разрядтарын алу тәртібі арнайы нормативтік құжатпен, Қазақстан Республикасының бірыңғай спорттық сыныптамасымен белгіленеді. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті әр төрт жыл сайын әзірлейді. Осы құжатқа сәйкес, спорт разрядтарын алу ережелері, спорттың әр түрі үшін өзінің ережелері белгіленеді.
Разрядты ресімдеуге арналған бірнеше жол бар. Олардың ішіндегі алғашқысы – қажетті деңгейдегі жарыстарда жеңіске жету. Өзіңіздің салаңыз бойынша қандай турнирлерге қатысу керек екенін  жаттықтырушыңыздан біле аласыз.
Екінші жол – бұл жарыстарда белгілі бір жеңістер мөлшеріне қол жеткізу. Бұл ретте бірінші орынға ие болу әрдайым міндетті болып табылмайды. Мәселен, жиналған ұпайлар саны талапқа сай болса жеткілікті. Бұл гимнастика және шахмат сияқты спорт түрлері үшін маңызды. Спорттық разряд беру мемлекеттік қызметтердің бірі болып табылады және бұл іспен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ, облыстың аудандары мен қалаларының дене шынықтыру және спорт бөлімдері айналысады.
«Бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдер біліктiлiгi,  жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорт разрядтары мен санаттарын беру» үшін қалалар мен аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері жауапты.
«Спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірінші санатты әдiскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорт разрядтары мен санаттарын беру» үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тікелей жауапты. Сіз разряд орындауды растаған кезде жарыстар хаттамасынан көшірме жасаңыз, бланкі дене шынықтыру және спорт басқармасының немесе аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің сайтында орналасқан ұсынысты толтырыңыз.
Спорттық разряд беру үшін арналған құжаттарды «Азаматтар үшін арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бөлімдері арқылы дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органға тегін жіберуіңізге болады.
Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың 2016 жылға арналған күнтізбелік жоспары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының   www.tursport.akmol.kz сайтында орналасқан, ал толығырақ ақпаратты  мамандардан 8(7162)763376 телефоны арқылы алуыңызға болады.
«Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар