Спортшыларымыз баршылық

Тәуелсіз елімізді әлемге танытып, Көк байрағымызды аспанға желбірететін бірден-бір сала  – спорт. Түрлі халықаралық жарыстарды, Олимпиадалық ойындарды тамашалағанда соған талай мәрте көзіміз жетті.

Сондай спорт додаларында өзіміздің жерлестеріміз биіктен көрініп жатса, тағы қуанамыз.
Қазіргі таңда мұнда он тренер-оқытушы жұмыс істейді. Тәрбиелеушілерге еркін күрес, қазақ күресі, футбол, волейбол, әйелдер күресі, баскетбол, жеңіл атлетика сынды спорттың жеті түрінен білгендерін үйретіп, спорт саласының одан әрі дамуына барларын салуда.
Мектебімізде ұл-қыздардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына қажетті жағдайлар жасалған. Жалпы аумағы 1364 шаршы метрлік «Энергетик» атты спорт кешеніміз бар. Онда спортшы жастар гир, күрес басқа да спорт түрлерімен айналысып, жаттығу аяқталғаннан кейін суға шомылады. Қысы-жазы ыстық судан таршылық көрген емеспіз. Бір сөзбен айтқанда, жеңімпаз спортшыларды дайындауға мүмкіндігіміз мол.
Соның жарқын дәлелі ретінде шәкіртіміз Аслан Аманжоловтың есімін мақтанышпен айтсақ болады. Ол еркін күрестен еліміздің бас қаласы Астанада өткен халықаралық турнирде жүлделі екінші орынды иеленіп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан еді. Аслан секілді облыстық және республикалық жарыстарда биіктен көрініп жүрген спортшыларымыз көптеп саналады. Спорт мектебіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, еркін күрестен жылына екі рет республикалық турнир өткізетін, балалардың Қазақстан бойынша өтетін жарыстарға қатысуына қол ұшын беріп жүрген ауданымыздағы футбол федерациясының президенті Владимир Белко мен спорт жанашыры Талғат Әлжановқа зор алғысымызды жеткізгіміз келеді.  

Серік СЕРҒАЗИН,
Есіл аудандық балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар