Сын сағаты соқты

Биылғы жылы ауданда 216 мың гектардан астам алқапта көктемгі егіс жұмысын жүргізу көзделсе, оның 192,3 мың гектарына дәнді және бұршақты дақылдар, 16,5 мың гектар алқапқа майлы дақылдар сіңіріледі. Қазір бұл жұмыс бастау алды.

Биыл 210 гектар алқапқа картоп пен көкөніс отырғызылады. Соңғы жылдары өңірімізде мал басы көбейіп отыр. Сол себепті мал азығын егетін алқап та кеңейтілуде. Аудан бойынша барлық мал азығының алқабы 19 мың 403 гектарды құрайды. Бұл өткен жылғы көлемнен 1 мың гектарға артық.
«Көктемнің бір күні жылға азық» деген қағиданы естеріне мықтап ұстаған диқандар жауапты науқанға тыңғылықты әзірлікпен келді. Аудан бойынша көктемгі егіс жұмыстарына қажетті 31 мың
200 тонна тұқым қамбаларға құйылып алынған. Оның 22 мың  тоннасы 1 және 2 класқа сәйкес келді. Өткен жылғы ауа райының қолайсыздығы астықтың сапасына кері әсерін тигізгені белгілі. Бұдан зардап шеккен шаруашылықтар үшін ауданның «Журавлевка-1» және «Аскоп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде 2,5 мың тонна сақтандыру қорының тұқымы сақталуда. Бұл тұқыммен аудан ішіндегі сапасыз тұқым ауыстырылды. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері аталмыш тұқым шаруашылықтарынан тұқым сатып алуда.
Қыс айларында 25 мың гектар алқапқа қар тоқталды. Көктемгі егіс науқанына 457 сеялка мен 53 өнімділігі жоғары егіс кешені шығарыла бастады. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауданның шаруашылықтары 3 мың 915 тонна дизельдік отын тасымалдап алды. Сондай-ақ, бензин мен май да жеткілікті. Оны «ҚазМұнайГаз өнімдері» акционерлік қоғамы мен «Жалтыр тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  белгіленген кестемен жеткізді.
«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы кепілдігімен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді несиелеу бағдарламасы бойынша ауданға 226 миллион теңге бөлінді. Субсидиялау бағдарламаларына бөлінетін қаржы толық көлемде игеріледі деуге негіз бар. Жалпы аудан бойынша көктемгі егіс жұмыстарын тиісті агротехникалық деңгейде уақытылы өткізу үшін барлық қажетті шаралар қолға алынуда.
Амангелді КАМЕЛИНОВ,
Бұланды аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар