Түлкіге қырғидай тиген шіркіндер-ай…

Ауданда заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер ұсталды. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында «ПО «Охотзоопром» кәсіпорны  мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бірлесіп, аудан аумағында заңсыз аң аулаудың алдын алу үшін арнайы шара ұйымдастырған болатын.

Шара   барысында Жаманқұлақ ауылының маңында қарда жүретін көлікпен аң аулап жүрген екі адам ұсталған. Күдіктілердің 1963 және 1969 жылдары туған Целиноград ауданының тұрғындары екені анықталды. Тексеріс кезінде олардың көліктерінен заңсыз атып алған 9 түлкі, ТОЗ-34 12 және МР-155 12 калибрлі мылтық, 20 дана «Феттер» оғы тәркіленді.
Қазіргі кезде бұл браконьерлердің қоршаған ортаға 153 157 теңге шығын келтіргені анықталып, үстерінен Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар