Тұрғындар белсенді болды

Қала әкімі Нұржан Қамбатыровтың халық алдында  есеп беруі тұрғындардың белсенділігімен өтті.

Қала әкімі өткен жылғы шешімін тапқан мәселелер жайында  баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысымен таныс-тырды.  Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция капитаны Талғат Секеров шағын аудан бойынша тұрғындар арасындағы тәртіпті, заңды сақтау мәселелерін қозғады.
Полиция майоры Ирина Шагорская адамдарды тұрғылықты жерде тіркеуге байланысты жаңа заң туралы айтып берді.  – Егер тұрғылықты жерімізден басқа жаққа бір айдан артық уақытқа кететін болсақ, сол жақта  уақытша тіркелу қажет. Мұның бәрі келеңсіз әрекеттердің алдын алуға байланысты жүргізілген шара, – деді ол.  Сонымен қатар, қала тұрғындары  өз сөздерінде қаңғыбас иттердің көбейіп кеткенін, мұның өзі балалардың мектепке баруына қауіп-қатер тудыратынын  айтып, шағымданды.   
Бұдан бөлек, ауыз судың бағасы екі есеге қымбаттауы, қалада көмір жоқтығы да сөз болды.  Бұған «Атбасар су» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сергей Сергеев: – Біз 2009 жылдан бері жеті  жыл бойы судың бағасын көтерген жоқпыз. Сондықтан, бұл қадамға амалсыз бардық, – деп жылу мен ауыз суға байланысты өзінің жауабын берді.
Сонымен бірге, жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері мен медбикелеріне және осы мекеменің бас дәрігері Александр Нестеренконың атына қала  тұрғындары  алғыс айтып, өз жұмыстарын жауапкершілікпен орындайтындықтарына ризашылықтарын білдірді.   
Қала әкімінің есептік кездесуінде өзге де   мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылатын болды.

Темірбек СОВЕТҰЛЫ.
Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар