Тұрғындар тілегі ескерілді

Степногорск қаласының шет жағындағы көшелерге жарық тартылды.

Аталған игі іске қалалық мəслихаттың депутаттары Дархан Балпанов жəне Алтынбек Қаршегенов қол ұшын созып отыр. Тұрғындардың өтініші бойынша 7 шағын ауданындағы тысқары орналасқан тұрғын үйлердің маңына жарық тартылды. Ол үшін қалалық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы 15 жарық бағанын берген.
Ал, халық қалаулысы Дархан Балпанов осыншама жарық шамы мен 650  метр электр сымын сатып алса, энергетик əрі депутат Алтынбек Қаршегенов монтаждау жұмыстарын қолға алды. Жаңа желіні іске қосу рәсіміне қала əкімінің орынбасары Сағындық Шабаров пен қалалық мəслихаттың хатшысы Ғалия Көпеева жəне аталған шағын ауданның тұрғындары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар