Тұтынушылар өз құқын қорғауы тиіс

 

Ақмола Медиа орталығында облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов пен Ұлттық сараптау орталығы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Болат Есмағамбетов баспасөз мәслихатын өткізді.

 

Департамент басшысының айтуынша, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Егер өткен жылмен салыстыратын болсақ, жыл басынан бері  вирустық гепатит, іш аурулары мен туберкулез тәрізді жұқпалы аурумен сырқаттанғандар саны азайған. Қайтыс болғандар көрсеткіші өткен жылғы деңгейде. Балалар арасындағы туберкулез ауруын азайту мақсатында облыста 43 санаторлық топ жұмыс істейді. Жыл басынан бері бруцеллезбен ауырған 28 адам тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен едәуір артық. Жақсы, Целиноград және Атбасар аудандарындағы жағдай көңіл көншітпейді. Тіпті, бруцеллезбен адамдар ауыра бастаған. Ірі қара және ұсақ мал сияқты үй жануарларының есебі дұрыс жүргізілмейді. Бруцеллез шыққан жерде арнайы шаралар кешені жүргізілді.
Бруцеллездің алдын алу мәселесі сан мәрте қалалық және аудандық әкімдіктердің алдына қойылды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірдің 20 мектебі күрделі жөндеуден өтті. Білім бөлімі, тамақтандыру қызметін көрсететін кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқын қорғайтын басқармалар арасында нәрлі тамақпен қамтамасыз ету, азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін сақтау жөнінде үш жақты меморандумға қол қойылды. Мұнда өнімнің сапасын бақылау жөнінде айтылған. Тұрғындардың 88 пайызы орталықтандырған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Санитарлық қызметтің бастамасымен иесі жоқ су құбырлары коммуналдық меншікке берілді.
Департамент мониторинг арқылы ет, кондитерлік өнімдер мен ойыншықтар сияқты ішкі рыноктағы өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өнімдерді сатып алып, санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргізеді. Биылғы жылдың наурыз айынан бері 598 мың теңгеге бағаланған өнімдер сатып алынды. Зерттеу нәтижесінде өнімдердің 38 пайызы техникалық регламент талаптарына жауап бермеді. 1,5 мың тонна қауіпті азық-түлік тағамдары мен Қытайда жасалған 559 ойыншық саудадан алынып, жойылды. Тексеріс қорытындысы бойынша әкімшілік заң бұзушылық жөнінде 59  іс қозғалып, 2,8 миллион теңгенің айыппұлы салынды.
Тұтынушылар өз құқықтарын қорғай алмай отыр. Осыған орай, департамент халықтың тұтыну сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел, семинар, ашық есік күні, лекция мен әңгіме сияқты түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. Жүргізілген мониторинг өтініштердің 90 пайызы сотқа дейін шешілетінін анықтады. Мәселен, Зеренді ауданының тұрғыны облыс орталығының автосалонынан сапасыз көлік сатып алған. Көлікті айырбастап алуына ықпал еттік. Мұндай мысалдар жетерлік. Сапасыз киім сатып алғандар да ақшасын кері қайтарып алды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласы тұрғынының сатып алған сапасыз шаң сорғышын ауыстырып бердік. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру шеңберінде тұтынушылар құқын қорғаудың түсінік жұмыстарын өткізуге қаржы бөлінді. «SARA» қоғамдық қоры конкурстың жеңімпазы атанды. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап аталмыш қоғамдық қор мүшелері тұрғындармен кездесті. Оқу орындарында семинарлар және өзге де жұмыстар жүргізуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар