Тұтынушының өз құқы дегенде тайсақтайтын реті жоқ

Дүниежүзілік  тұтынушылар  құқықтарын қорғау күніне арналған дөңгелек үстел отырысында осы департамент мамандарына, бірқатар қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен тұтынушыларға марапаттар жасалып, құрмет көрсетілді.

Дөңгелек үстелді ашып жүргізген облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Мусина өз сөзінде өңір аумағында тұтынушылар құқықтарын қорғайтын төрт қоғамдық бірлестікпен бірлесе жұмыс істейтіндіктерін атап өтті.   
 –Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні қарсаңында аумақтық басқармаларда, соның ішінде Көкшетау қаласындағы «SMALL», «Орталық базар», «Жеке батыр» сауда үйлерінде жедел зертхананы қолдана отырып, акциялар өткіздік. Акцияда тұтынушылар бөлшек сауда, қауіпсіз тағам өнімдері, талап-арыз жазу, тағам өнімдерін дұрыс таңдау, таңбалауға назар аудару төңірегінде кеңес алды. Сонымен қатар, жоғары, орта, арнайы орта оқу орындарында сынып сағаттары, факультатив, ата-аналар жиналыстары өткізілді. Алдағы уақытта өңір тұтынушыларының құқықтарын қорғау қызметі облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау департаментінің қарамағына беріледі,– деді Айнагүл Мусина.
Дөңгелек үстел барысында аталмыш департамент басшысының орынбасары Әділхан Кәрімбаев атқарылған жұмыс жөнінде айтып берді. Өткен жылы тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша департамент пен аумақтық басқармаларға 240 өтініш түскен. Осы өтініштер бойынша бөлшекті сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық, медициналық, қаржылық, байланыс, транспорт және туристік қызмет салаларында жұмыс жүргізілген. Мониторинг нәтижесі бойынша өтініш берушілердің 90 пайызының құқықтары қорғалды. Мәселен, Көкшетау қаласы тұрғынының өтініші оң шешімін тауып, коммуналдық қызмет төлемі қайтадан есептелген. Сондай-ақ, Ерейментау ауданы тұрғынының сатып алған тауарының бағасы сәйкес келмепті. Аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың мамандары араласуының арқасында тұтынушы артық төлеген ақшасын қайтарып алған. Сондай-ақ, электр жүйесінде жүргізілген жұмыстың салдарынан Зеренді ауданы тұрғынының тұрмыстық электр аспаптары күйіп кетіпті. Аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың араласуының нәтижесінде кінәлі мекеме шыққан шығынның орнын толтырған. Бұл жағдайлар кез-келген тұтынушы өз мүддесі мен құқын қорғай алатынын дәлелдейді. Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы қолданудың тиімділігі және оның сақталуын бақылау жақсы заңнамалық база мен тұтынушылардың біліктілігін қажет етеді. Ол жөнінде «Сара» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағанбетова мен Степногорск қаласындағы «Тұтынушылар қорғаны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жақсыгелді Ақылбаев айтып берді. Дөңгелек үстел соңында бірқатар қоғамдық бірлестіктің төрағалары, департамент мамандары мен белсенді тұтынушылар Қазақстан Респуб-
ликасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар