Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы

 тойланатын жыл мазмұнды мәдени шаралармен айшықталады

  Ақмола Медиа орталығында облысымызда Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы және тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу аясында өтетін іс-шаралар туралы брифинг болып өтті.

 

БАҚ өкілдері алдында осы мәселелер бо-йынша облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева сөз алды.
Ол өткен 2015 жылғы мәдениет саласының алдына қойылған міндеттердің ойдағыдай орындалғандығы, жалпы алғанда, жылдың табысты аяқталғандығы туралы атап өтті. Бәрі қаржыға тірелетін қазіргі нарық жағдайында саланы қаржыландырудың мәні зор екендігі белгілі. Өткен жылы мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 51,3 миллион теңгеге артқан. Мәдениет мекемелерін жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы көп көмегін тигізуде. Соңғы үш жылдың көлемінде аталмыш бағдарлама шеңберінде мәдениет саласына 494 миллион 365 мың теңге қаржы бөлініп, оған  21 мәдениет мекемесі жөнделген. Бүгінгі күні облыстың мәдениет саласы 666 мемлекеттік мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын біріктіріп отыр. Бүгінгі мәдениет саласының инфрақұрылымы қоғамдық маңызы бар және ойын-сауық шаралары түрінде жалпы ауқымы  4 миллиондай адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Облыстық филармонияның өзі ғана өткен жылы 42 мыңдай көрерменді қамтыған 198 концерт қойған екен.  
2015 жылы атқарылған шаралардың дені Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты атаулы мерейтойлар шеңберінде өткізілген. Сондай-ақ, жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллин мен қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойлары да жоғары деңгейде аталып өткеніне ел куә.
2016 жылғы жоспарланған мәдени шаралардың бәрі дерлік еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайлас-тырылып өткізілмекші. Атап айтқанда, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында 25 қайырымды іс» акциясы шеңберінде бірқатар шаралар өткізу жоспарланған.  Сондай-ақ, Көкше өңірінде өмір кешкен сал-серілерді халыққа насихаттау мақсатында «Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау» мәдени-көпшілік шарасы, отбасылар фестивалі, «Тәуелсіздіктің ақ таңы»  тақырыбымен жеке авторлардың тәуелсіздікке арналған әндер байқауы, қазақ халқының мақтанышы, жерлесіміз Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» мәдени шарасы, «Қылқалам жырлайды» суретшілер көрмесі де жос-парда бар. Биылғы көзделген мәдени шаралардың бәрі жоғарыда атап өткеніміздей, еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  өтетінін Сәуле Бөрібаева өз сөзінің соңында тағы да бір журналистердің есіне салды.

 

Қалкөз ЖҮСІП

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар