Тағайындау

Бауыржан Малғаждаров

Бауыржан Бағдатұлы Малғаждаров 1977 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Чкалов ауданында туған. Білімі жоғары. Ол Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-экономист мамандығы, «Фемида» заң институтын заңгер мамандығы бойынша және Гуманитарлық-техникалық академияны экономика және бизнес магистрі дәрежесімен бітірген.
Б.Малғаждаров еңбек жолын 1999 жылы Ақмола облыстық экономика басқармасының жетекші маманы болып бастаған. Аталған басқармада әр жылдары бөлім бастығы, бастықтың орынбасары лауазымын атқарып, 2008-2009 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
Осы тағайындауға дейін ол Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып істеді.
Б.Малғаждаров «Ерен еңбегі үшін» және басқа мерекелік медальдармен марапатталған.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *