Тағайындау

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы өкімімен Марал Жақыпова Ақмола облыстық тілдер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Марал Жақыпова 1962 жылы туған. Жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы бастаған. 1985-1996 жылдар аралығында мәдениет саласында әртүрлі қыз-меттер атқарды. 1996-2005 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдарда түрлі әкімшілік мемлекеттік қызметте болды.
2007 жылдың тамызынан 2012 жылдың мамырына дейін Бурабай ауданының ішкі саясат және әлеуметтік салаларында, Ақмола облысы әкімі аппаратында қызмет істеді.
2012 жылдың мамыры мен 2016 жылдың мамыры аралығында Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының директоры болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *