Тағайындаулар

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен кезекті әкімдік мәжілісі өткізіліп, онда облыстың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Әкімдік мәжілісіне облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері, ұлттық компаниялардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мәжілісте кадрлық тағайындаулар жүргізілді.  Онда қаралған мәселелер туралы толық есеп газетіміздің келесі санында жарияланатын болады.

 

 

Облыс әкімі С.В.Кулагиннің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Дәурен Зекенұлы Әділбеков Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Дәурен Әділбеков 1956 жылы туған. Білімі жоғары, инженер-электр механигі мамандығы бойынша Новосібір электртехникалық институтын, жоғары дәрежелі менеджер мамандығы бойынша Мәскеу халық шаруашылығы академия-сын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Әр жылдары Көкшетау облысы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасының бастығы,  Көкшетау қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. 2008 жылғы қазаннан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып қызмет жасады.
«Құрмет» орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған

 

 

Облыс әкімі С.В.Кулагиннің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Егор Яковлевич Каппель Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Егор Каппель 1957 жылы туған. Білімі жоғары, Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді, Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды.    
Еңбек жолын 1980 жылғы қарашада Ақмола облысы, Вишнев ауданы «Вячеславский» кеңшарының техникалық бақылау жөніндегі инженері болып бастады. 1987-1995 жылдары Ақмола облысы, Вишнев аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Анар» кеңшарының директоры. 1995-2004 жылдары Аршалы ауданы әкімінің, кейін 2007 жылғы тамызға дейін Ерейментау ауданы әкімінің лауазымдарын атқарды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі IV және V шақырылымының депутаты болып сайланды. 2016 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі қызметінде болды.
«Құрмет», II дәрежелі «Достық» ордендерімен, «Алтын Барыс» айрықша белгісімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

 

 

Облыс әкімі С.В.Кулагиннің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Жанболат Амангелдіұлы Смайылов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Жанболат Смайылов 1969 жылы туған. Білімі жоғары, Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық универ-ситетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.    
Еңбек жолын 1991 жылы «Казавтомотосервис» Ақмола облысаралық базасында инженер-экспедитор болып бастады. 1995 -2004 жылдары «Акмолатрансагентство», «Бұланды карьері» АҚ президенті. 2004-2005 жылдары Шортанды ауданының әкімі, 2005-2008 жылдары Степногорск қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. 2008 жылғы мамыр мен қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2008-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрінің лауазымында болды. 2014 жылғы қазаннан «Қалқаман – Астық» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар