Табиғи өнімдері өтімді

Новочеркасский селосындағы «Нұр-А» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің сүт өңдейтін цехы жұмыс істей бастағанына төрт айдың жүзі болды. Бүгінгі таңда кәсіпорын өз өнімдерін Астана қаласының он сауда орнында және Астраханка селосының алты дүкенінде сатады.

Бұдан біршама күн бұрын «Нұр-А» логотипі жапсырылған сүт өнімдері ақмолалық өндірушілердің өнімін сату үшін Астана қаласында жаңа ашылған «AQMOL» cауда үйінде саудалана бастады. Кәсіпорын басшысы Гүлбаршын Қожахметтің айтуынша, өңделетін сүт жергілікті тұрғындардан сатып алынады. Мұнда өндірілетін табиғи өнім астаналық тұтынушылардың жоғары бағасына ие болған. Оны дүкендегі сүт өнімдерін сатып алушылардың ұзынсонар кезегінен аңғаруға болады. Шағын ұжымда Жанар Мұқышева, Татьяна Иванкина, Ержан Мұратов сияқты сегіз адам еңбек етіп, қаймақ, ірімшік, май тәрізді дәмді сүт өнімдерін өндіреді. Келешекте кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *