Табиғи газ келсе ғой

Облыс әкімі Сергей Кулагин республиканы газбен қамтамасыз етудің бас жобасын жүзеге асыру аясында өңірімізге жұмыс сапарымен келген «КАТЭК» инжинирингтік компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерін қабылдады.

Кездесуде серіктестіктің бас директоры Құндыз Нупов облыс аумағы арқылы өтетін «Сарыарқа» магистралды газ құбыры құрылысының әзірленіп жатқан техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасымен таныстырды.
– Жоба жүзеге асқан кезде Аршалы, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласы газбен қамтамасыз етіледі, – деді Құндыз Нупов.
Өз кезегінде облыс әкімі аталған жоба экономикалық және экологиялық жағынан алғанда өңір тұрғындары үшін аса маңызды болып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат ету құжаттары мен ақпаратты ұсынуға көмектесетінін білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *