Талап бәріне ортақ

 Облыс орталығына іргелес жатқан Гранитный кентіндегі ЕЦ 166/25 түзету мекемесінде әртүрлі қылмыс жасаған тұлғалар жазаларын өтеуде.

  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қаулысына сәйкес, түрмедегі азаматтар азық-түлік, қажетті киім-кешекпен, жеке гигиенаға арналған заттармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Түзету мекемесінде тұрмыстық жағдай барлық санитарлық ережелерге сай. Ал, мүгедек немесе сырқатқа шалдыққан сотталғандарға арнайы диеталық тағамдар беріледі. Кітап оқып, спортпен айналысу, монша, шаштаразға бару, киімдерін жуу, рұқсат етілген заттарды сатып алу  секілді қажеттіліктерін осы жерде өтейді. Сондай-ақ, медициналық бөлімшеміз жазасын өтеушілерге дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетеді.   
Бұдан басқа, біздің мекемеде мәдени-бұқаралық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Жеңімпаздарды марапаттап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды беру арқылы қателіктерін темір торда түзетіп жатқан тұлғаларға бір сәт қуаныш сыйлау өте маңызды деп ойлаймыз.

Аслан ИСАБАЕВ,
166/25 түзету мекемесінің бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар