Тапсырмаларды орындаймыз

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облыстық департаментінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы жөнінде жиналыс болып өтті.

Департамент басшысы Ербол Есіркеповтың төрағалығымен өткен жиында еліміздің жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылуы үшін айқындап берген Елбасының Жолдауындағы он негізгі міндеттерге, оның ішінде тоғызыншы міндет – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне қатысты мәселелер түсіндірілді. Президенттің жалпы елімізде атқарылып жатқан жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес туралы, жемқорлық салдарының залалы, сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту, заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілгенін, адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейіп, құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалғаны туралы айтқан сөздеріне түсінік берілді.
Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік органдардағы үрдістерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңыздылығы, атап айтқанда азаматтардың өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуына ерекше мән берілді. Бұдан әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында департаментте әр жартыжылдық сайын ішкі талдау жүргізілетін болады. Өткен жылдың екінші жартыжылдығын талдау нәтижесі бұл жағдайдың қалыпты екенін көрсетті. Жиналыс соңында департамент басшысы Жолдаудағы міндеттердің орындалуы халық пен мемлекет әл-ауқатының жақсы болуына ықпал ететінін, бұл бағытта департамент қызметкерлері барлық күштерін, тәжірибелері мен білімдерін қойылған міндеттерді орындауға жұмсайтынын атап өтті.
Инна САДЫҚОВА,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облыстық департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар