Тарихи маңызы зор құжат

Тәуелсіз Қазақстан өзін халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтып, бірқатар құжаттар қабылдады. Егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы қабылданған маңызды құжаттар сол кезеңдерде өзінің миссиясын толық атқарды. Жаңа заманға сай уақыт талабына жауап беретін, сонымен бірге жақын болашақтағы міндеттерді заңдастыратын, қоғамдық-саяси, рухани-әлеуметтік бағыттарды құқықтық тұрғыда қалыптастыру қажеттілігін Ата Заңымыз арқалай алды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған конституциялық заңнаманың негізгі идеялары сараланып, қорытылып, 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда қабылданған екінші Конституцияға негіз болды.
Уақыт бір орында тұрмайды, әлемнің озық стандарттары күн сайын қарыштап дамуда. Заңнамалық тұрғыда осы озық стандарттарға жақындау, ұлттық заңнаманы түбегейлі жаңғырту, оны озық әлемдік стандарттарға жақындату – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл орайда Қазақстан дамудың жаңа векторын таңдайды, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бағытында Ұлт жоспарын жасап, 100 нақты қадамды белгілеп берді. Мұндағы екінші тарау толығымен заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне арналды. Бұл – біз үшін мемлекетіміз бен халқымыздың әлеуетін танытатын, құқықтық реформалардың тиімділігін айқындайтын, болашаққа жасалған даңғыл жол. Осы Ұлт жос-парында аталған 32-қадам «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталын құру Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құзырына бекітілген.
Комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасымен 5 институционалды реформаны  жүзеге асыру мақсатында Елбасымен бекітілген «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 32-қадамы «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталын құруда облыстық әкімдікпен бірлесіп белсенді жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта Көкшетау, Степногорск қалаларында және облысымызға қарасты барлық аудан орталықтарында «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» жасалды.
Басқармамен Көкшетау қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің «Адрестік регистр» ақпараттық жүйесі мен қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелетін комитеттің «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі арасындағы географиялық координаттарды сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта толығымен аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылда облыс аумағындағы 18 аудан және Көкшетау қаласында электрондық географиялық карталары жасалып, жоғарыда аталған ақпараттық жүйелер арасында координаттарды сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Карта мәліметтерінің толықтығы мен шынайылығы қылмыстық қудалау органдарымен қылмыстық құқық бұзушылықтарды аталған тізілімге тіркеуде №Е-1 статистикалық карточкасында оқиға болған орын (көше қиылысы, тұрғын үй, әкімшілік ғимараттар, т.б.) туралы мәліметтерді толық көрсетуге тікелей байланысты.
Қазіргі кезде аталған мәліметтердің толықтығы басқарма қызметкерлерімен ақпараттық жүйеге күнделікті мониторингтер жүргізу арқылы тексеріліп, қылмыс жасалған орын жөніндегі мәліметтер картаға қосымша енгізіліп, оның толықтығы қамтамасыз етілді.
«Ұлт жоспарының» 32-қадамы «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталын құру жұмысы аяқталып келеді, облыс бойынша (барлық елді мекендер қамтылып) аталған портал екінші жартыжылдықта толық көлемде қолданысқа енгізілетін болады.
Еліміздің қарқынды даму саясатын жетілдіруде біздің құқықтық негізімізді құруға бағытталған басты құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Конституцияны негізге ала отырып, құқық қорғау жүйесін дамыту, демократиялық және азаматтық қоғам құру, қазақстандықтарды елжандылыққа бағыттауды басты ұстаным етіп отыр.  Ата Заңымыз бен Ұлт жоспарының үйлесімділігінің нәтижесі, қазақстандық құқықтық қоғамның дамуына жан-жақты жағдай жасап, бір мақсатқа жұмылған азаматтардың тең құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.

Талғат ӘЛМАҒАМБЕТОВ,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы  
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті Ақмола облысы  бойынша басқармасының басшысы,
аға әділет кеңесшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар