Тартысты өтті

Таяуда «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры  облыс орталығындағы кәсіпорындар мен  банк қызметкерлері  арасында «Жүрек спортты ұнатады» деген атаумен  футбол жарысын өткізді.

Спорттық шараның мақсаты  – адамдарды салауатты өмір салтын  сақтауға шақыру.  Сегіз  мекеме қатысқан футбол жарысы өте тартысты өтті.  
Ойынның  қорытындысы бойынша  бірінші орынды «Қазақстан  халық банкі»  облыстағы филиалы жеңіп алды. Екінші орынды «Тыныс» акционерлік қоғамының командасы иеленсе, үшінші орынды «Көкшетау энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  футболшылары қанағат тұтты. Ал, ойын барысында  өзінің шапшаңдығымен көзге түскен Данияр Исумғалиев  ойынның «Үздік  ойыншысы» атанды.  Ал, «Үздік қақпашы»  Евгений Решитило болды. Барлық жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар