Теміртас – республика чемпионы

Жерлесіміз Теміртас Жүсіповтың есімі облысымызға ғана емес, еліміздің бокс сүйер қауымына жақсы танымал. 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Теміртас талай  дүбірлі жарыстарда ел намысын қорғап, жүлдегерлер арасынан көрініп жүр.

 

Павлодар қаласының «Баянтау» спорт кешенінде өткен финалдық кездесуде  Теміртас Жүсіпов Оңтүстік Қазақстан облысының былғары қолғап шебері Жомарт Ержанмен шаршы алаңда кездесті.
Финалға екінің бірі жете алмайтыны белгілі. Қарсыластарын қапы қалдырып, ақтық айқасқа шыққан оңтүстік қазақстандық боксшы оңай алдыратын қарсылас еместігін алғашқы раундта-ақ байқатқан. Дегенмен, тәжірибесі мен біліктілігін сарқа пайдаланған жерлесіміз ұпай санымен жеңіске жетіп, республика чемпионы атанды.
Енді осы салмақтағы Біржан Жақыповтың Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарынан кейін ұлттық құрама команданың сапынан кетуіне байланысты осы орынға жерлесіміз берік орнығады деген сенім мол.
Жарайсың, Теміртас!

 «Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар