Тілді танытудың тағылымды жолы

Бұл күні барлық аудандық және қалалық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында интерактивті  сабақтар мен тақырыптық дәрістер болып өтті.

Аталмыш шараға  облыстағы 19 оқыту орталығында 108  интерактивті сабақтар өткізіліп, барлығы 1217 тыңдаушы қатысты. «Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!», «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік», «Айбыны асқан тәуелсіз Қазақстан!», «Егеменді болмай – ел болмас, тәуелсіз болмай – жер болмас» және тағы басқа осы мағыналас тақырыпта тағылымы зор сабақтар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар  ел тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениеті, тарихи, рухани құндылықтары туралы мол мағлұмат алып, өз ойларын да ортаға салды. Орталық оқытушысы Дина Лесбекқызының «Тәуелсіз Қазақстан» атты ағылшын тілінде өткен ашық сабағы да  бастауыш топ деңгейінде оқып жатқан тіл үйренушілерге сөздік қорларын молайтып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көп септігін тигізді. Ал, «Тәуелсіздік Тәңірден келген тәтті сый!» атты ашық сабақ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, интерактивті сабақты орталық оқытушысы Гүлсім Ысқақова өте қызықты әрі мазмұнды жүргізді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде, Көкшетау қаласындағы балалар психоневрологиялық әлеуметтік мекемесінде, облыстық мемлекеттік автоинс-пекциясында, «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамында,  облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде, облыстық оқыту-әдістемелік орталығында және тағы басқа мемлекеттік мекемелерде осындай дәрістер оқылды.
Облыстық тілдерді оқыту орталығында «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты тақырыпта бірнеше ашық сабақтар, тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Осы орайда, Көкшетау қаласындағы №1 қалалық емхана қызметкерлерінің қатысуымен  Гүлжан Кәріпжанованың және орталық оқытушысы Қайырден Есләмовтың «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы қызметкерлеріне өткізген сабақтарын атап өтсек дейміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар