Өткен жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Рақымшылық жасау туралы» заңы шыққандығы белгілі.

 

Мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

  Осы заңға сай түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар заң талаптары бойынша рақымшылыққа ілігіп, біреулер мерзімінен бұрын бостандық алса, екіншілерінің жаза мерзімі қысқартылуда.
Атап өту керек, рақымшылық адамдарға бір-ақ рет берілетін мүмкіндік. Көкшетаудың іргесіндегі Гранитный кентінде орналасқан ЕЦ 166/25 түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жүрген 50 адам мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Олар туған-туыстарымен табысып, бостандықта жаңа өмір бастауға мүмкіндік алып отыр. Қателеспейтін адам болмайды, ең бастысы сол қателіктен сабақ алып, алдағы уақытта ондай әрекетті қайталамау қажет. Заң талаптарына сай мерзімінен бұрын бостандыққа шыққандардың бәрі мұндай теріс қадамға енді ешқашан бармайды деген үміттеміз.
Түзеу мекемесі деп аты айтып тұрғандай, біздің мақсатымыз – жаңсақ басып, заң бұзғандарды осындай теріс әрекеттерін алдағы уақытта қайталамауына мүмкіндік жасау. Жалпы, елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру жұмыстарының негізгі мақсаты да осында екендігі анық.

Сергей БИРЮКОВ,
ЕЦ 166/25 мекемесінің заң кеңесшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар