Торғайлықтарды не толғандырады?..

Облысымызда барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері басталды

Кеше Торғай селолық округінің әкімі Марат Әубәкіров Қарағайлы және Балықты ауылдарының тұрғындары алдында атқарған жұмысы жайлы   есеп беріп, тұрғындардың көкейінде жүрген бірқатар сауалдарға жа-уап қайтарды. Бұл округ құрамына Торғай, Төменгі Торғай, Жаңа жол, Балықты, Қарағайлы секілді бес елді мекен кіреді. Оларда 2026 адам тұрады. Марк Спижевой ауылдағы Ұлы Отан соғысына қатысқан көзі тірі жалғыз ардагер. Ауылдық округте Алтын және Күміс алқа иегерлері де көп, олардың жалпы саны – 43.  Он жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Олардың бәрі округтің дамуына өз үлестерін қосуда. Күре жол бойында «Жансары» дәмханасы мен жанармай бекеті қызмет етеді, сонымен бірге, көліктерді жөндейтін 2 техникалық қызмет көрсету бекеті және бір дөңгелек жөндеу орны бар.
Мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекет қолайлы жағдай жасауда. Мәселен, «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы С.Еркін және Т.Шөкеев шағын несие алып, оған асыл тұқымды қошқарлар мен қой сатып алды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашуға ниет білдірген ауыл тұрғындары да бар. Көктемгі және жазғы кезеңдерде мал жайылымдары ұйымдастырылған, мал қыстату табысты өтуі үшін қажетті жемшөп қоры жиналған. Ірі қара малдың тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қыста округтегі бес ауылдың жолдарын қардан тазалауға «АБК Автодор НС», «Тиянақ Трейд» ЖШС техника бөледі, сондай-ақ, Торғай ауылының тұрғындары М.Новожилов пен А.Палий өздерінің жеке меншігіндегі техникасымен атсалысады. Өткен 2016 жылы Балықты ауылының жолына қиыршық тас төсеу үшін аудан бюджетінен 8 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылды.
Жоспар бойынша мал дәрігерлік іс-шаралар өткізіп тұрады. Өткен жылы 38 бас ірі қара мен 17 қой бруцеллез ауруына шалдығып, дереу шара қолданылған.
Бүгінгі күні қыстың қытымыр-лығына байланысты су құбырларының қату қаупі төніп тұр, сондықтан, «Ерейментау Су Арнасы» қызметкер-лері күн сайын суағарларды тексеріп, қатып қалғандарын жылытады. Бірақ, бұл орайда, әлі де шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Балықты ауылын-дағы сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет және Торғай ауылында бұған дейін жоспарланғандай, су құбыры желілерінің екінші жобасын аяқтау керек. Елді мекендердің тұрғындары  сымсыз телефон байланысымен қамтамасыз етілген. «Отау ТВ» станциясына бүгінде 129 абонент қосылыпты.
Округте қылмысқа, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы күреске де көңіл бөлініп, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 109 хаттама толтырылған. 3 адам көлікті мас күйінде жүргізгені үшін куәлігінен айырылған. Салынған айыппұлдар көлемі 400 мың 350 теңге. Үш қылмыстық оқиға орын алып, екеуі ашылмағаны да ойлантады.
Ауыл әкіміне тұрғындар бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша көптеген сауалдар қойып, нәтижесінде жұмысын қанағаттанарлық деп тапты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар