Туған елге арналады әніміз

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдау көрсетуімен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» атты облыстық ән байқауын өткізді.

Өнер додасына талантты жастар жиналып,  өзара бақ сынасты. Әуезді әндерді  шырқаған жас дарындардың  өнер көрсетуі  жоғары деңгейде болды. Олар елімізге   арналған әндерді нақышына келтіріп орындады.  Бұл байқаудың да алға қойған  мақсаты –  өңіріміздің жас дарындарын анықтау, жастарды отансүйгіштік қасиетке баулу. Бұл жайында  бірлестік жетекшісі Александр Артеменко айтып,  өнерлі  жастардың қатары жылдан жылға толысып келе жатқаны сүйсінерлік жайт екендігін алға тартты.
Байқау барысында өнерлі жастардың патриоттық мазмұндағы әндерінен туған елге деген үлкен сүйіспеншілікті аңғарасыз. Байқаудың қорытындысы бойынша  бас жүлдені  Көкшетау қаласының №2 орта мектебінің оқушысы  Дәрия Сапарова жеңіп алса, бірінші  орын  Көкшетау қаласының №14 орта мектебінің оқушысы Әліби Жасұланға бұйырды. Ал, екінші орынды Көкшетау  қаласының  №11 орта мектебінің оқушысы  Вера Рожкова мен №15 орта мектептің оқушысы Ангелина Спиридонова  иеленсе, жүлделі үшінші орынды  Көкшетау қаласының №4 орта мектебінің   «Самұрық»  квартеті  мен №2 орта мектебінің оқушысы Дарын Бақыткелді алды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: байқау жеңімпазы Дәрия Сапарова.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар