Туған өлкенің табиғаты тамаша

Исаковка ауылында «Менің Отаным Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының облыстық екінші кезеңі өткізілді.

Облыстық туризм басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шара «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде және «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға арналып отыр.
Шараға Көкшетау қаласындағы №4 орта мектебі, «Жас Қайрат», өлкетану және экология, балалар мен жасөспірімдер туризмінің  облыстық орталығы, Степногорск, Ақкөл, Атбасар және Бұланды, Есіл, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарынан барған 130-ға жуық адам қатысты.
Қатысушылар туған өлкенің туристік мүмкіндіктерін саралады. Мәдени-танымдық, экологиялық-өлкетану және спорттық-сауықтыру бағыттары бойынша саяхатқа шықты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар