«Тылдағы данқтың ізімен»

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен  «Тылдағы даңқтың ізімен» атты патриоттық акция болып өтті. Шара қатысушылары алдымен кезінде Көкше жеріне көшірілген Подольск зауытының ғимаратына барды.

Мұнда қазір Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері білім алуда. Аталған зауыттың құрылғылары, шеберлерімен бірге қаламызға сол өндіріс орнында жұмыс істеген 300-дей отбасы көшірілген екен. Ол жұмысшы жанұялар жергілікті тұрғындардың үйлеріне бөлініп беріліпті. Көкшеліктер өздерінің жағдайы мәз болмағандығына қарамастан, әлгілермен бір шаңырақтың астында тұрып, бір үзім нанды бөліп жеген. Осы бір ауыр күндер  тыл еңбеккері Любовь Жирноваяның әлі есінде. Қарт әжей тұстастарының он-он екі жастан бұл зауытта жұмыс істегенін айтып отыр. 12 сағаттық жұмыс күні дегенмен, жоспар орындалмай жатса, жұмысшылар кәсіпорын ғимаратынан 2-3 тәулікке дейін шықпай, үзіліссіз еңбек еткен. Олардың Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқандығына мың вагон зауыт өнімінің майдан даласына жіберілгендігі дәлел болса керек. Ал, бүгінгіше әкім, сол кездегіше қалалық кеңес төрағасы болған Евгений Красноперов мұнда басында минаның шығарылып,  соғыстан кейінгі жылдары шойын құйылғанын, артынша таразылардың жасалып, әлемнің 28 еліне экспортталғандығын айтады.   
Бұдан кейін жастар Көкшетау қаласының тарихи музейінде болды. Осы музейдің де Ұлы Отан соғысына тікелей қатысы бар екендігін біреу білсе, біреу білмес. Бұл ғимарат қалада  ең алғаш ашылған госпитальге арналып салынған.  Сол жерде госпиталь штабы орналасыпты. Музей қызметкерлері құнды экспонаттың бірі – радиоқабылдағышқа тоқталып өтті. Аталған құрылғы арқылы қала тұрғындарына соғыстың басталғандығы, оның барысы мен Кеңес әскерінің жеңіске жеткендігі жөніндегі хабар жетті. Мұрағат деректерін қопарсақ, әр төртінші көкшеліктің  майданға аттанғандығына куә боламыз.  Музейде «Соғыста нәзік жандылық болмайды» деген тақырыпта фотосуреттер көрмесі де ұйымдастырылыпты.
Артынша акция қатысушылары қала госпиталінде жарақаттанып қайтыс болған Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің бауырластар зиратына,  екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың мүсін тасына, «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  сұрапыл соғыс өмірлерін жалмаған жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар