Құқықтық мемлекеттің басты бір негізі – әділ сот билігі

Биыл ел тарихында елеулі орын алып, жарқын болашаққа бастау болған Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдығын атап өткелі отырмыз. Дүбірге толы дүние екі ғасыр тоғысында елімізге түбегейлі өзгерістер əкелді. Бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңы атып, егеменді ел болдық. Тыңнан түрен салып, демократиялық даму жолына түстік. Бұл жылдардың еліміз үшін жемісті де жеңісті болғаны ақиқат. Қазақстан бүгінде əлемдік кеңістікпен үйлесім тауып, демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет құру жолында табысқа қол жеткізіп отыр. Соның ішінде ең бастысы, мемлекеттігімізді орнықтырып, қоғамның тыныс-тіршілігін, бағыт-бағдарын айқындап берген өз Ата Заңымызбен өмір сүрудеміз.

 

«Жеті жарғыдан» бастау алған заң қағидасы
Қазақ тарихында ерте заманнан дала өркениетіне сай белгіленген заң ережелері болғандығы белгілі. Сондай заңдардың қатарында «Есімханның ескі жолы», «Қасымханның қасқа жолы», əз Тəукенің «Жеті жарғысы» тұр. Осы ережелер мен заңдардың негізінде би-қазылар кез-келген дау-дамайды бір ауыз кесімді сөз, кесікті шешіммен реттеп отырған. Көне ғасырдан қалған осы заңдар бүгінгі демократиялық принциптегі Конституциямыздың негізі болып табылады.
Қазақстанның тарихында бес рет қабылданған Конституция ұлттық автономиядан бастап, мемлекеттік тəуелсіздік пен егемендікке дейінгі аралықты өтуінің өзі əрбір адамның жеке құқығына берілген еркіндік деп сезінген ел жаңа Конституцияны қанағаттанғандық сезіммен қабылдағаны да жадымызда. Осыған орай, жаңа Конституцияға адам құқығы жөніндегі Бүкілəлемдік декларацияға сəйкестендіріліп, 30-баптан тұратын «Адам жəне азамат» атты жаңа бөлім қосылғанын, содан Конституциямызда қай салада да халықаралық нормаларға сай келетін ережелер белгіленгенін ризашылық сезіммен айта кеткіміз келеді.
Расында да, осы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум негізінде қабылданған, бүгінге дейін ел игілігіне мүлтіксіз қызмет етіп келе жатқан Конституцияны тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең үлкен жетістігіміз деп бағаласақ, артық айтқандығымыз емес. Жаңа Ата Заңда бұрынғы қабылданған Конституциядағы кемшіліктер толықтырылып, заман талабына сай өзгертіліп қабылданды.
Біріншіден, Конституцияның екінші бабы айқын белгілеп бергендей, Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып танылды. Яки,
Қазақстан президенттік республика болып жарияланып, президенттік басқару жүйесі нақтыланды. Бұл дер кезінде қабылданған өте дұрыс шешім еді. Өйткені, тап сол тұста қоғамды саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дағдарыстан алып шығу үшін күшті əрі орталықтандырылған билік жүйесі аса қажет болған еді.
Екіншіден, жаңа Конституция бойынша мемлекеттік біртұтас билік заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі боп үш тармаққа бөлінді. Ата Заңымыз Конституцияны іске
асырудың құқықтық кепілдіктерін нығайтты.
Елімізде қарқынды түрде сот реформасы жүріп жатыр. Соның нəтижесінде бүгінде озық елдер үрдісі мен үлгісіне бой ұрған тəуелсіз сот  билігі, сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асырудың өркениетті жүйесі қалыптасты. Халықтың сотқа деген сенімі артып келеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тəуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап республикамыздың сот жүйесін жетілдіруісін ерекше назарға алып, сот реформасын кезең-кезеңімен ілгері жылжытуда тұрақты қамқорлық көрсетіп келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы республика судьяларының 7 съезінде: «Егер бұдан бұрын соттар құқық қорғау жүйесінің бөлігі жəне жазалаушы саясаттың құралы болса, қазіргі уақытта сот – бұл басты құқық қорғаушы институт бола бастады. 25 жылда сот билігі «аяғынан тұрды» жəне реформалар барысында ең үздік шетел тəжірибесі мен əлемдік стандарттардыигеріп, сапалы жаңа келбетке ие болды», – деп атап көрсетті. Сондай-ақ, Президент:  «Өткен кезеңде сот жəне құқық қорғау жүйесін жаңғырту мақсатында сот жұмысының негізі – жаңа құқықтық база қалыптастырылды, қажетті ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Ол заманға сай технологиялардың арқасында
шешімін тауып отыр – бүгін бізде көптеген дамыған елдердегіге ұқсас электрондық сот өндірісі бар. Енді азаматтар үйінен шықпастан сотқа жүгіне алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін болмаған», – деп сот жүйесінің дамып жатқандығын да айтып кеткен еді. Биліктің бір тармағы саналатын сот саласында да елеулі өзгерістердің болғанын білеміз. Судья қызметіне тағайындау ашық жəне конкурстық негізде жүргізілуде жəне оларға қойылатын талап та күшейтілді. Қазіргі таңда аудандық соттың судьясы қызметіне конкурсқа қатысу үшін келесідей талап қойылған: жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі жəне əдетте, сот
отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі, не заңгерлік кəсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар аза маттар ғана қабылданады.
С о т р е ф о р м а с ы н ы ң а й ш ы қ т а н ы п , айқындалуы – соттардың мамандандырылуы барысында анық байқалды. Бүгінде б а р л ы қ о б л ы с т а м а м а н д а н д ы р ы л ғ а н экономикалық, əкімшілік, қылмыстық соттар мен кəмелеттік жасқа толмағандар ісін қарайтын мамандандырылған соттар жұмыс жасауда. Кейінгі уақытта қалалық соттардың өзі екіге бөлініп, оның бірі қылмыстық істерді, екіншісі азаматтық істерді қарайтын болды.
Өркениетке бастаған жасампаз құжат Қазақст ан мемлекеттілігі мен оның конституциялық эволюциясы үшін айтулы оқиғалар қатарында мыналарды атап өтуге болады: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тəуелсіздігінің 25 жылдығы мерекеленді жəне «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы іске асырылған конституциялық реформа өткізілді. Осыған байланысты Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі үндеуі жариялаған болатын. Президенттің енгізген реформасы екі
негізгі бағыт бойынша іске асты. Президенттің ə л еум е т т і к – э ко н ом и ка л ы қ п р о ц е с т е рд і реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке жəне басқа да атқарушы органдарға берілді. Реформалаудың негізінде бұл салаға Үкімет, министрліктер жəне əкімдіктер толықтай жауап беретін болды. Өкілеттіктерді беру барысында тиісті заңдарға өзгерістер енгізіліп, бұл өзгерістер – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде бекітті.
Қазақст ан Ре спубликасы – заманауи конституционализмді сəттілікпен орнықтырудың үлгісі болып табылады. Негізгі Заңның мазмұны əрбір адамның, қоғам мен мемлекеттің өмір сүруінің əлеуметтік-экономикалық, саяси, мəдени-гуманитарлық жəне өзге де салалардағы мұң-мұқтажына, еліміздің алға ұстаған басты
бағытына сəйкес келеді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі миссиясы,
сондай-ақ, Астанада өтіп жатқан, жаһандық э ко н ом и ка н ы ң д а м у ы н а д е ге н қ а з і р г і көзқарастарды білдіретін жəне азаматтардың
əл-ауқатын одан əрі жақсартуға, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруға қызмет ететін «ЭКСПО-2017» Халықаралық
мамандандырылған көрме соның айқын куəсі болып табылады.
Конституцияның əлеуетін заңнамалық жəне өзгелей жолмен жүзеге асыру, сондай-ақ, негізгі Заңның мəтініне өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізу арқылы конституционализм тұғырының мызғымастығы қамтамасыз етілді жəне оның жаңа жетістіктері іске асырылды, Конституцияның тұрақтылығы мен серпінділігі тиімді түрде үйлесіп, қоғамдық дамудың талаптарын бойына қабылдады. Бұл конституциялық саясат Конституцияның кепілі, Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен жүйелі түрде, терең ғылыми негізделіп, алдыңғы қатарлы шетелдік тəжірибені мейлінше ұқыптылықпен пайдалана отырып жəне Қазақстан қоғамының барлық сегменттерін конституциялық үдеріске қатыстыра отырып жүргізілді. Осындай реформалардың нəтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен сəйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларға сəйкес:
– судьялыққа кандидаттар үшін жас шектелімі отыз жасқа дейін жоғарылатылды;
– тағылымдамадан жəне полиграфологиялық зерттеуден өту талаптары жұмыс істеп жүрген
судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды;
– бос судья лауазымдарына конкурсқа қатысушылардың барлығы құжаттарын Жоғарғы
Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің жəне облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алуға тиіс. Сонымен қатар, егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушы өзі судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, конкурсқа қатысуға жіберілгеннен кейін облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайта алуға
тиіс емес. Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар да Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алудан босатылады.
– судья лауазымынан өкілді органдардағы м е м л е ке т т і к л ау а з ы м ғ а с а й л а н ғ а н н е тағайындалған, сондай-ақ, судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы берілген. Бұл түзетулер 2017 жылы14 шілдеде күшіне енді.  Осы жəне басқа да бағыттағы сот жүйесін жетілдіре түсу жолында жасалып жатқан барлық игі шаралардың басталуы сот реформасының өзекті бағыттарын айқындап берген Ата Заңымыздың арқауында жатыр.
Бүгінде халық қоғамның барлық тыныс-тіршілігі заңмен ғана реттеліп, заң арқылы ғана  шешілетінін түсінді. Халықтың құқықтық сауаты жоғарылап келеді.
Ата Заңымыз Конституция тəуелсіздігімізді нығайтып, тұрмысымызды жақсартып, жарқын болашағымызға жағдай жасап, елімізді айдай əлемге танытып отыр. Еліміздің əрбір азаматының парызы мен міндеті – Ата Заңымызда көрсетілген қағидаларды бұзбай, конституциялық құндылықтарды қорғау. Себебі, Ата Заң – қоғамдағы əлеуметтік теңдік пен ұлттар арасындағы татулықты орнықтыруды, саяси-экономикалық тұрақтылықты нығайтуды жəне дамудың демократиялық жолына батыл түскен Қазақстанның өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы шарттарын жасап берген жасампаз да өміршең құжат.
Мерекеге орай барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, татулығымыз бен бірлігімізден айырылмай, тəуелсіз еліміздің көк байрағы көкте мəңгі желбірей берсін дегім келеді.
Досжан ƏМІРОВ,
Ақмола облыстық сотының төрағасы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар