Яссауитану жүлдегерлері

2016  жыл ЮНЕСКО тарапынан Яссауи жылы деп жарияланғандығы белгілі. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Яссауи жылына орай, қыркүйек айының 22-23  күндері Түркістан қаласында  «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен халықаралық «Яссауитану» білім байқауы болып  өтті.

Осы байқауға біздің облысымыздан қатысқан үш үміткер де биіктен көріне білді. Атап айтқанда, дарынды балаларға арналған  №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Нұржан Төлеген бас жүлде мен 150 мың теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды. Оған сондай-ақ, Еуразия университетіне оқу гранты табыс етілді. Ал, Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінің  
9 сынып оқушысы Жанат Оқа ынталандыру жүлдесіне және  20 мың теңге ақшалай сый-лыққа ие болды.  Жоғарыдағы №3 мектеп-интернаттың 10 сынып оқушысы Айжан Рыспекова да дипломмен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар