Қыл қаламның құдіретін ұқтырып…

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ұйымдастырған  ел тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған  «Менің Отаным – Қазақстан»  тақырыбындағы  суреттер байқауы  өз мәресіне жетті.

Байқау барысында  партия ұйымдарының атқаратын жұмыстары жайлы, негізгі бағыттары  бойынша дайындалған бастауыш партия ұйымдарының суреттері сараланған болатын. Сондай-ақ, «Ботақан» балаларды сауықтыру орталығы, ауыл жұмысшыларының өмірі  мен шығармашылық ұйымдар, партия мүшелері мен мемлекеттік қызметшілердің  веложарысқа қатысуы,  қаланы абаттандыру мен «Ақ бидай» аудандық спартакиадасынан түсірілген жарқын фотосуреттер байқаудың маңыздылығын арттыра түскендей болды.
Байқауға  түскен жұмыстардың басым бөлігі  әуесқой фотоаппаратпен түсірілгенімен, ауданның тыныс-тіршілігін жарқын бейнелеген. Бас жүлде Бұланды аудандық орталық ауруханасының  бастауыш партия ұйымына бұйырды. Ал, екінші орынды №10 Новобрат  ауылының бастауыш партия ұйымы иеленсе,  жүлделі  үшінші орынға   Бұланды ауданының  бастауыш партия   ұйымы  лайық деп танылды. Осылайша сурет өнерінің қыр-сырын меңгерген  мамандардың біліктіліктері сараланып, жүлдегерлер ғана емес, барлық қатысушылар да  марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар