Ғылым сырына бойлатады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Зеренді ауданындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепке қазіргі заманғы қондырғы – робот техникасы кабинетін сыйға тартты.

Салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Мұратұлы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтай отырып, жоғары оқу орнының басшылығына аудан жұртшылығы  атынан алғысын жеткізді.
Мектепте робот техникасы кабинеті бұрын-соңды болмаған. Оқушылар аталмыш қондырғы арқылы техника ғылымының жаңа құпияларымен таныса алады.  «Робот техникасын меңгере отырып, оқушылар инженерлік-техникалық шығармашылықты, бағдарламалау, жоғары технологиялар мен электрониканы үйренеді», – деді аудан әкімі салтанатты шарада сөйлеген сөзінде.
Заман талабына сай ақпараттық технологиялар дамыған тұста университеттің мектеп оқушыларына жасаған сыйы оқушы балаларды ерекше қуанышқа бөледі.
Жиында  мектеп директоры  Эльмира Халелова сөз сөйлеп, университет басшылығына жүрекжарды тілегін арнай отырып, Алғыс хат табыс етті. Осы орайда,  жоғары оқу ордасының ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде кәсіптік қалыптасу мен дамытуды жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқандығын  айта кеткеніміз орынды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар