Қымыз өндіре бастадық

 

Біздің серіктестік дәнді және бұршақты, майлы дақылдар, картоп және көкөніс, біржылдық және көпжылдық шөп өсірумен, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен айналысады.

 

Қазір көктемгі дала жұмыстары нағыз қызған шағында. Өткен жылы 102 мың 700 тонна астық, 11331 тонна майлы дақылдар, 3102 тонна шөп, 538 тонна көпжылдық шөп тұқымын жинап алдық. 3 миллиард 569 миллион теңгенің егін мен мал шаруашылығының өнімі сатылды. Оның 2 миллиард 865 миллион теңгесі егін өніміне тиесілі. 2016 жылы 868 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Кәсіпорын элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие. Биылғы жылы 53 мың гектар алқапта көктемгі егіс жұмыстары жүргізіледі. Бұл алқаптарға бидай, арпа, сұлы, күздік бидай, қарақұмық, бұршақ, жасымық, майлы және мал азығы дақылдары сіңірілуде. Картоп пен көкөніс отырғызылды. Пар көлемі 12,1 мың гектарды құрады. Капитоновка, Новодонецк, Ярославка және Журавлевка селоларында мамандандырылған механикалық қырманымыз бар. Капитоновка селосында Австрияда жасалған «Кимбрия» қазіргі заманғы астық тазалағыш кешені жұмыс істейді.
Биылғы жылы қырманға тұқымды өзге дақылдар мен арамшөптен толық тазалайтын фотосепаратор орнатылып, тұқым сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Жыл сайын дәнді және майлы дақылдар, біржылдық және көпжылдық шөп тұқымын сатамыз. Шаруашылықта 50 мың тонна астық және 3 мың тонна картоп сақтайтын қойма бар. Бау-бақшада көкөністі суару үшін тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Шаруашылықта жаз бен күз айларында бес жүз адам еңбек етеді. Серіктестіктегі 20 егіс кешені, 15 «К-700» агрегаты биылғы егіс жұмысын 15 күннің ішінде атқаруға мүмкіндік береді. Жыл сайын егістікке минералдық тыңайтқыш енгізіледі. Биыл 2938 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алынды. Жалпы көктемгі егіс жұмысын ойдағыдай өткіземіз. Бүгінгі таңда шаруашылық 1259 бас ірі қара мал бағады. Оның бес жүз басқа жуығы сиыр. Барлық малдың тең жартысы қазақтың ақбас тұқымдас ірі қарасы. Биыл 439 бас бұзау алынды. Олар тәулігіне 850 грамға дейін салмақ қосады. Серіктестікте қазіргі заманғы қасапхана жұмыс істеп, күніне он шақты мал сойылады. Өткен жылы орташа салмағы 420 келіні құрайтын 180 бас ірі қара мал сатылды. Сондай-ақ, шаруашылықта 230 жылқы, 283 қой бағылады. Бүгінгі таңда механикаландырылған қымыз цехында қымыз өндірудеміз.

Ерлан ТОҚАНОВ,
«Журавлевка-1» серіктестігі
директорының орынбасары.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар