Қысқа дайындығымыз қандай

16-18 қараша аралығында облысымызда «Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының төтенше жағдайларға жедел әзірлігі, материалдық-техникалық қорлары тексерілді.

Аталмыш шара шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі тәжірибелік іс-қимылдар пысықталып, арнайы тактикалық оқу-жаттығу жүргізілді.
Оқу-жаттығудың алдында облыстық жедел ден қою жасағының қатысушыларымен нұсқама өткізіліп, шараны ұйымдастыру тәртібі, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе қауіп төнген жағдайларда не істеу қажеттігі нақтыланды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  қызметкерлері оқу-жаттығу барысында алға қойылған міндеттер мен тапсырмаларды шеберлікпен орындап, өздерінің кәсіби дайындықтарының жоғарылығын көрсетті. Шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров пен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері тарапынан ескертулер болған жоқ.
Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялары, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғау қызметі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және оған қарасты
мекемелер, облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен бөлімдері, облыстың ішкі істер департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының  5510 әскери бөлімі, сондай-ақ, апаттан құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау күштері  қатысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар