Қызықты өткен демалыс

 Биылғы  жылы  Қараөзек  орта  мектебі  жанындағы   «Достық»  лагері  жұмыс  істеді.  Лагерьде  25 оқушы  жазғы  демалысын  көңілді өткізді. Оқушылар  демалыс  барысында  Көкшетау  қаласында  болып, Шахмет Құсайынов  атындағы  қазақ музыкалық-драма театрына барып  «Қуыршақтар  сыры» атты  қойылымды  тамашалады.

  Одан соң облыс орталығындағы тарихи мәдени орындарды аралап көріп, мол мағлұмат алды. Жазғы демалысты  оқушылар  Қараөзек  орта  мектебінің   ұстаздарының  демеушіліктерінің  арқасында  мәнді де мазмұнды өткізді. «Достық»  лагерінің  жетекшілері С.Тілеухан, К.Шугайев, А.Бабай, С.Мотекей, Б.Хуан тәрізді тәжірибелі адамдар болды.  Оқушылардың   демалыстары  қызықты, көңілді  өтуіне  бастауыш  сынып  мұғалімдері барлық  ынта-жігерлерін  салды.  Осы  демалыс-ты  ұйымдастырған  мектеп  басшысы   Қалимаш Дайырова мен мектеп ұжымына мың рахмет.

Аманжол БАБАЙ,
Қараөзек  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі.

Бұланды ауданы.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар