Өз мүмкіндіктерін көрсетті

Степногорск қаласында «Халыққа арналған прокуратура» бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында үстел теннисі, шахмат және қол күресінен жарыс өтті.

Жарысқа қалада тұратын мүгедектердің «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен Қазақстан зағиптар қоғамы қалалық филиалының өкілдері, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Тағдыр талқысына ұшырап, мүгедек болып қалса да өмірге деген құштарлықтарын жоймаған олар өздері қалап алған спорт ойындарымен айналысып, түрлі спорт жарыстарына белсене қатысып тұрады. Тартысты өткен сайыста жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанғандар медальдармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар